«Мягкая кровля» — жабын және оқшаулау материалдары зауыты

Яғни, біз өндіретін?

Зауыт туралы

1932-ші жылы қолданысқа енгізілген күннен бастап «Мягкая кровля» зауыты ұзақ ілгерілеу жолынан өтті, бүгінде ол заманауи жабын материалдарын шығара отырып, ары қарай дамуда. «Мягкая кровля» зауытының негізінде құрылған кәсіпорын «ЕТ-Пласт» ЖАҚ заманауи экологиялық жылытқышты жасап шығарады. Нарық пен клиенттердің қажеттіліктеріне сергек бейімделіп, «Мягкая кровля» және «ЕТ-Пласт» адамдардың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, шығарылатын өнімді жетілдіруде.

«Мягкая кровля» зауыты

«Мягкая кровля» зауыты — бұл орама жабын және гидрооқшаулау материалдарын өндіретін көшбасшы кәсіпорынның бірі.

«Мягкая кровля» зауыты — ірі бәсекелес-корпорацияларға қатысты тәуелсіздігін және өз жұмысының автономдылығын сақтап қалған санаулы кәсіпорынның бірі. Біз клиенттердің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне тез бейімделіп, өз жұмысымызға қатысты шешімді дербес түрде қабылдаймыз және жабын материалдары нарығындағы нақты мәліметтерді және істің нақты жәй-күйін басшылыққа аламыз.

«Мягкая кровля» зауытының өнімі өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста кең түрде қолданылуда. Кәсіпорын картон негізіндегі дәстүрлі жабын материалдарын (рубероид РКП-350, РКК-400, рубемаст, битум қағазы, пергамин), сондай-ақ, заманауи жабын материалдарын да жасап шығарады. Соның бірі Арқаужабыны (арқауланған жабын) — синтетикалық негіздегі заманауи полимерлі-битумді жабын материалы. Арқаужабынының аналогтары Унифлекс, Бикроэласт, Эластоқшау, Шыныэласт, Линокром, Бикрост, Шынымаст, Гидрооқшау болып табылады.

Арқаужабынының көрнекті қолданымдық қасиеттеріне тұтынушы жақсы баға берді, сондықтан Арқаужабыны — жабын және гидрооқшаулау материалдары арасындағы көшбасшы деп аса сенімділікпен айтуға болады.

Сонымен бірге «Мягкая кровля» ЖАҚ жабын, қорап картонын, ыдысты жалпақ жапсырылған картонды, орама қағазды, битум-резеңкелі мастиканы, битумды төсеме бояуды (праймер), жол битумын, жабын мастикасын (ыстық), гудронды құрылыс мастикасын (ыстық), мұнайлы құрылыс битумын өндіреді.

«Мягкая кровля» зауыты Мемлекеттік резерв (Ресей резерві) жөніндегі Федералды агенттігі жүргізген мердігер саудаларында, келесі байқауларда бірнеше рет жеңіске жетті:

«ЕТ-Пласт» зауыты

«ЕТ-пласт» ЖАҚ жаңа өнім – ППС көбік полистиролды тақтайын шығару үшін «Мягкая кровля» ЖАҚ-ның базасында 2003 жылдың мамырында құрылды. «ЕТ-пласт» ЖАҚ-ның көбік полистиролды тақтайлары — бұл жүктеменің әсер етуіне жоғары бекемділігімен, төмен жылу өткізгіштігімен, биологиялық және атмосфералық әсер етуге абсолютті төзімділігімен ерекшеленетін бағасы аса қолайлы материал.

«ЕТ-пласт» кәсіпорны блокты өздігінен сөнетін көбік полистиролын HIRSCH (Италия) фирмасының заманауи автоматтандырылған желісінде жасап шығарады.

«ЕТ-пласт» ЖАҚ өндіретін ППС көбік полистиролды тақтайлары МЕМСТ 15588-2014-ке сәйкес шығарылады және өнімнің сапасы шетелдегі аналогтарынан кем түспейді. Тақтайларды тапсырыс берушінің өлшемдері бойынша жасап шығаруға болады.

Сондай-ақ, «ЕТ-пласт» ЖАҚ алынбайтын қалыпты, түйіршіктелген көбіктенген полистиролды, термоконтейнерлерін, қорғаныстық қаптаманы, бетон блоктарына астарды жасап шығарады.

«Мягкая кровля» ЖАҚ-ның интернет-өкілдігіне қош келдіңіз!

«Мягкая кровля» зауыты құрылыс материалдарын сатумен айналысатын дилерлерді, орамдалған жабынын, гидрооқшаулау және жылуды оқшаулау материалдарын, картон мен қағазды пайдалана отырып, құрылыс жұмыстарын жасайтын құрылыс ұйымдарын ынтымақтастыққа шақырады.

Біздің өндірістік компаниямыз ресейдегі гидрооқшаулау, жылуды оқшаулау, картон мен қағаз материалдары нарығындағы бірден-бір көшбасшы болып табылады және оншақты жыл бойы ол барлық Ресей мен ТМД елдерінің аумағында осы өнімнің сенімді жеткізушісі болып қалуда. Құрылыс материалдарының кең ассортименті, мінсіз сапасы және адекватты баға белгілеу саясатының арқасында біз мыңдаған клиенттің құрметі мен алғысына ие болдық!

Біз жаңа іскерлік серіктестер мен дилерлерді іздейміз, оларға жеке тиеу шарттары мен арнайы ұсыныстар жасауға дайынбыз.

Зауыттағы барлық өнім заманауи жабдығында технологияны ұстана отырып, сапасы жоғары шикізаттан жасап шығарылады және сапаның қатаң бақылауынан өтеді. Бізге Самара, ТМД өңірлері мен елдеріндегі көптеген дилер мен құрылыс компаниялары сенім артады. Біздің өнімге сапасының жоғары болуы, бірегей қасиеттері және ұзақ қызмет ету мерзімі үшін ресей және шетел нарығында жоғары баға беріледі. Клиенттердің жайлығы біз үшін бірінші кезекте маңызды, сондықтан біз өз серіктестерімізбен дербес жұмыс жасауға баса назар аударамыз.

Неліктен тікелей өндірушімен жұмыс жасау қажет?

Себебі, дилер және құрылыс компанияларымен жұмыс жасау біз үшін басымды бағыт болып табылады. Егер қазіргі кезде сіздің жеткізушіңіз болса және материалдың сапасы, бағасы немесе жеткізу шарты сіздің көңіліңізден шықпаса, сапасыз тауар үшін өз клиенттеріңіздің алдында ақталудан немесе монтаж уақытын үнемі ауыстырудан жалықсаңыз — Сізге шұғыл түрде өндірушіні ауыстыру керек. «Мягкая кровля» зауытымен бірге жұмыс жасаған кезде сіз қажетті материалдың сапасы, дайындау және жеткізу мерзімі үшін алаңдамайсыз.

Ал егер де сіз қазіргі кезде жеткізушімен бірге жұмыс істеп, әзірше барлығы сіздің көңіліңізден шығатын болса да, біздің компанияға назар аударыңыз. Бәлкім, біз сізге одан да тиімді шартты ұсына аламыз немесе жабын, жылуды оқшаулайтын, картон мен қағаз материалдарының «қосалқы» жеткізушісі де болуымыз мүмкін. Сізге әрдайым көрсетілген мерзім ішінде адекватты бағаға сапалы өнімді қажетті уақытта жеткізе аламыз.

Бізбен бірге жұмыс жасау туралы шешім қабылдап, сіз мынадай артықшылықтарға ие боласыз:

Халықаралық жеткізілімдер картасы

Сертификаттар мен құжаттар

«Мягкая кровля» компаниясы өз өнімінің өте жоғары сапасын, қауіпсіздігін және бірегейлігін құжат түрінде растайды. Осы бөлімде сәйкестік туралы өзекті декларациялары, сертификация туралы анықтамалары және зертханалық сынау хаттамалары жарияланады.

«Мягкая кровля» ЖАҚ — Ресейдегі құрылыс материалдарын жасап шығаратын ең ірі өндіруші


Сатып алушыларымызға біз өзіміз жасап шығарған құрылыстық орамдалған жабынның, гидрооқшаулайтын және жылуды оқшаулайтын материалдың оншақты атауын ұсынамыз.

Өнімнің жоғары сапасы

Сапаның сәйкес келу сертификаттарымен расталған

Сертификаттарға қараңыз

Жеке логистика бөлімі

Өнімді әлемнің түпкір-түпкіріне жеткіземіз

Жеткізілімдер картасына қараңыз

Тиімді ынтымақтасу шарттары

Көлемді ұлғайтқан кезде бағаны төмендету мүмкіндігі

Ынтымақтастық
Кейбір айғақтар
>50 млн. м² орамдалған жабын материалы жылына
>600 млн. м³ жылуды оқшаулайтын материал жабдықтарының жылдық өнімділігі
>1000 тонна картон мен қағаз айына
  • Жабын және гидрооқшаулау материалдары
  • Битумдар және мастикалар
  • Көбік полистирол
  • Картон және қағаз

Арқаужабыны

Арқаужабыны — бұл заманауи балқытылатын (ерітілетін) орама битумды-полимерлі жабын және гидрооқшаулау материалы, ол ғимарат пен әртүрлі бағыттағы құрылыстардың жаппалық жабынкілем құрылысына және іргетасты, көпірлерді, туннельдерді гидрооқшаулауға арналған. Арқаужабыны екі жағынан битумды-полимерлі тұтқырымен жабылған шірімейтін негізден (полиэстер, шынымата, шынытөсеме, аралас мата) тұрады. ТШ 5774-024-00287823-2014 сәйкес келеді.

Таңбалардың белгіленуі келесі негіз түрін қамтиды: Э — тоқылмаған полиэфир төсемесі (полиэстер), Х — шынытөсеме, Т — шынымата; және жабын түрі: П — қорғаныстық полимер қабаты, К — ірі минералдық сеппе.

Арқаужабын-Бизнес

  • Битумды-полимерлі (SBS-түрлендірілген) жабын және гидрооқшаулау материалы;
  • R = 25 мм брустағы (діңгек) иілгіштік температурасы -20˚C-тан аспайды;
  • Тұтқырдың морттық температурасы -20˚C-тан аспайды;
  • Жылуға төзімділік +95˚С-тан төмен емес;
  • Нормативті қызмет ету мерзімі — кемінде, 20 жыл.

Шығарылатын маркалары:
ЭКП-4.5, ЭПП-3.5, ТКП-4.5, ТКП-4.0, ТПП-3.5, ТПП-3.0, ХКП-4.0, ХПП-3.0

Арқаужабын-Стандарт

  • Битумды-полимерлі (SBS-түрлендірілген) жабын және гидрооқшаулау материалы;
  • R = 25 мм брустағы (діңгек) иілгіштік температурасы -10˚C-тан аспайды;
  • Тұтқырдың морттық температурасы -20˚C-тан аспайды;
  • Жылуға төзімділік +85˚С-тан төмен емес;
  • Нормативті қызмет ету мерзімі — кемінде, 15 жыл.

Шығарылатын маркалары:
ТКП-4.0, ТПП-3.0, ХКП-3.7, ХПП-3.0

Арқаужабын-Оптим

  • Тотыққан битумдағы (таушайыр) жабын және гидрооқшаулау материалы;
  • R = 25 мм брустағы (діңгек) иілгіштік температурасы 0˚C-тан аспайды;
  • Тұтқырдың морттық температурасы -15˚C-тан аспайды;
  • Жылуға төзімділік +80˚С-тан төмен емес;
  • Нормативті қызмет ету мерзімі — кемінде, 10 жыл.

Шығарылатын маркалар:
ТКП-3.7, ТПП-3.0, ХКП-3.7, ХПП-3.0

Арқаужабын-Эконом

  • Тотыққан битумдағы (таушайыр) жабын және гидрооқшаулау материалы;
  • R = 25 мм брустағы (діңгек) иілгіштік температурасы 0˚C-тан аспайды;
  • Жылуға төзімділік +80˚С-тан төмен емес;
  • Тұтқырдың морттық температурасы -15˚C-тан аспайды;
  • Нормативті қызмет ету мерзімі — кемінде, 7 жыл

Шығарылатын маркалар:
ТКП-3.7, ТПП-2.5, ТПП-2.2, ХПП-2.5, ХПП-1.9

Рубемаст

Рубемаст — бұл орама битумды балқытылатын материал, ол битумға сіңірілген жабын картонының екі жағына жабын құрамын жағу арқылы жасалады. Жабын құрылғысы жабысатын ыстық мастикалардың пайдаланылуын көздемейді. Жаппалық жабынкілемнің үстіңгі және астыңғы қабатын жайластыру үшін қолданылады. Көлемі 10 шаршы метр, ені 1000 м орамада шығарылады. ТШ 21-5744710-505-90 бойынша жасалып шығарылады.

Рубемаст РНК-400-1,5

Беткі жағынан ірі түйіршікті сеппелі және астыңғы жағынан полиэтилен үлбірлі төсемені балқытылатын битумды орама жабын материалы. Жаппалық жабынкілемінің үстіңгі қабатын жайластыру үшін пайдаланылады.

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Асбогаль/үлдір
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғанда су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R = 25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды
  • Сеппені жоғалтуы, г/үлгі — 3,0 көп емес

Рубемаст РНП-350-1,5

Төсеменің қос жағы полиэтилен үлбірі бар балқытылатын битумды орама жабын материалы. Қорғаныстық қабаты бар жаппалық жабынкілемінің үстіңгі қабаты және жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабаты үшін пайдаланылады.

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Үлдір/үлдір
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғанда, су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R = 25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Рубероид

Рубероид жаппалық жабынкілеміне мұнай битумын сіңіртіп, ары қарай жабын битумының қоспасы мен толтырғыштан тұратын төсеменің екі жағына жабын құрамы мен сеппені жағу арқылы дайындайды. Орама жабын және гидрооқшаулау материалдары битумды мастиканың көмегімен төселеді. Оның қолдану аясы кең — жабын құрылғысынан бастап, құрылыс конструкцияларын гидро оқшаулауға дейін. Көлемі 15 және 10 шаршы метр (маркасына қарай), ені 1000 мм орамымен шығарылады.

Рубероид РКК-400

Ірі түйіршікті сеппесі бар жабын рубероиды, ол жаппалық жабынкілемінің үстіңгі қабатын жайластыруға арналған. Ірі түйіршікті сеппе жабын материалын күн сәулесінің әсерінен қорғайды және соның салдарынан жабынның қызмет ету мерзімін ұзартады. МЕМСТ 10923-93

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Асбогаль/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R = 25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды
  • Сеппені жоғалтуы, г/үлгі — 3,0 көп емес

Рубероид РКК-350

Ірі түйіршікті сеппесі бар жабын рубероиды, ол жаппалық жабынкілемінің үстіңгі қабатын жайластыруға арналған. Ірі түйіршікті сеппе жабын материалын күн сәулесінің әсерінен қорғайды және соның салдарынан жабынның қызмет ету мерзімін ұзартады. МЕМСТ 10923-93

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Асбогаль/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R = 25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды
  • Сеппені жоғалтуы, г/үлгі — 3,0 көп емес

Рубероид РКП-350

Тозаңдай сеппесі бар жабын рубероиды, ол қорғаныстық қабатымен жаппалық жабынкілемінің үстіңгі қабатын жайластыруға және жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатына және құрылыс конструкцияларын гидрооқшаулауға арналған. МЕМСТ 10923-93

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Талькмагнезит/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R = 25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Рубероид РКП-350(О)

Тозаңдай сеппесі бар жабын рубероиды, ол қорғаныстық қабатымен жаппалық жабынкілемінің үстіңгі қабатын жайластыруға және жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатына және құрылыс конструкцияларын гидрооқшаулауға арналған. ТШ 5774-006-00287823-2003

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Талькмагнезит/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Рубероид РПП-300

Тозаңдай сеппесі бар рубероиды, ол жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатын жайластыруға арналған. МЕМСТ 10923-93.

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Талькмагнезит/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Рубероид РПП-300(О)

Тозаңдай сеппесі бар рубероиды, ол жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатын жайластыруға арналған. ТШ 5774-009-00287823-2004.

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Талькмагнезит/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Рубероид РПП-300(О)М

Тозаңдай сеппесі бар рубероиды, ол жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатын жайластыруға арналған. ТШ 5774-009-00287823-2004

  • Үстіңгі/астыңғы жабыны — Талькмагнезит/талькмагнезит
  • Жылуға төзімділігі — 80 °С шектерінде
  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 72 сағат бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Пергамин

Пергамин жабын картонына мұнай битумын сіңірту арқылы алынатын жабынсыз орама материалы болып табылады. Бұл астарлы материал. Жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатын жайластыру үшін және буоқшаулау үшін қолданылады. Көлемі 20 шаршы метр, ені 1000 м орамада шығарылады.

Пергамин П-350

350 маркілі жабын картонын мұнай битумына сіңірту арқылы алынатын жабынсыз орама материалы. Ол астарлы материал болып табылады. Жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатына арналған. МЕМСТ 2697-83.

  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 10 минут бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Пергамин П-300

Жабын картонына мұнай битумын сіңірту арқылы алынатын жабынсыз орама материалы. Ол астарлы материал болып табылады. Жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатына арналған. ТШ 5774-021-00287823-2013.

  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 10 минут бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды

Пергамин П-300(О)

Жабын картонына мұнай битумын сіңірту арқылы алынатын жабынсыз орама материалы. Ол астарлы материал болып табылады. Жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатына арналған. ТШ 5774-021-00287823-2013.

  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 10 минут бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды.

Пергамин П-250(О)

Жабын картонына мұнай битумын сіңірту арқылы алынатын жабынсыз орама материалы. Ол астарлы материал болып табылады. Жаппалық жабынкілемінің астыңғы қабатына арналған. ТШ 5774-021-00287823-2013.

  • Қысымы 0,001 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 10 минут бойы.
  • R=25 мм брустағы иілгіштік температурасы 5±1 °С-тан аспайды.

Қаптайтын битумделген қағаз

Битумделген қағаз негіздеме-қағазына мұнай битумын сіңірту арқылы жасалады. Ылғалдың әсерінен қорғау мақсатында әртүрлі бұйымдарды қаптауға арналған. Көлемі 119 шаршы метр, ені 1000 м орамада шығарылады.

Қағаз БУ-Б-130

Негіздеме-қағазына мұнай битумын сіңірту арқылы жасалады. Ылғалдың әсерінен қорғау мақсатында әртүрлі бұйымдарды қаптауға арналған. ТШ 5453-003-00287823-96.

  • Қысымы 0,0005 МПа болғандағы су өткізгіштілігі 20 сағат бойы.
  • R=5±0,2 мм брустағы иілгіштік температурасы 18 °С-тан аспайды

Тұтқыр мұнай жол битумы

Мұнай жол битумы – бұл мұнайдан тікелей айырып шығару өнімдерін тотықтыру және мұнай өнімдерін селективті бөлу арқылы алынатын материал. Мұнай жол битумының сапа нормасы МЕМСТ 22245-90 анықталған. Мұнай жол битумы жол және аэродром жабынын төсегенде және жөндеген кезде тұтқыр материалы ретінде қолданылады.

Мұнай жол битумының артықшылықтары:

  • Тас материалымен жақсы тұтасуы.
  • Төмен температурада қатты иілімділігін сақтап қалуы.
  • Климаттық әсер етуге төзімділік.

Шығарылатын маркалары: БНД 40/60, БНД 60/90

Жол битумдарын кепілдемелі сақтау мерзімі — 12 ай.

Көрсеткіштің атауыБНД 40/60БНД 60/90
25°C кезінде иненің ену тереңдігі; 0.1 мм40-6061-90
Жұмсару температурасы, °C, төмен емес5147
25°C болғандағы созылуы, кемінде4545
Жарқ ету температурасы, °C, төмен емес230230
Морттылық температурасы, °C, аспайды-12-15
Салмағы, кг/бөшке 200 л180180

Мұнай құрылыс битумы

Құрылыстың көптеген саласында кең түрде қолданылады: құрылыс конструкцияларын гидрооқшаулау, жайпақ шатырды гидрооқшаулау мен жөндеу; болат, кірпіш, бетон, ағаш, тас құрылыстарын сырттай гидрооқшаулау; көпірлерді, туннельдерді, шахталарды гидрооқшаулау үшін; ерітілетін материалдарды ары қарай жағу үшін беткейді дайындау үшін; битум праймерін немесе битум мастикасын өндіру үшін негіз ретінде. Бұл мұнайды қайта өндеу салдарынан алынған бір өнім, ол мұнайды және оның қоспасын асфальтпен және май өндірісінің сығындысынан тікелей айырудан шыққан қалдық өнімдерін тоқтықтыру арқылы алынады.

Құрылыстық мұнай битумдары МЕМСТ 6617-76 «Мұнай құрылыстық битумдары» талаптарына, белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық регламентке сәйкес дайындалады.

Құрылыстық мұнай битумдары силикон жабыны бар төрт қабатты қағаз мөшегінде шығарылады, таза салмағы 40±0,5 кг.

Шығарылатын маркалары: БН 70/30, БН 90/10

Мұнай құрылыс битумдарын кепілдемелі сақтау мерзімі — 12 ай.

Көрсеткіштің атауыБН 70/30БН 90/10
25°C кезінде иненің ену тереңдігі; 0.1 мм21-405-20
Жұмсару температурасы, °C, төмен емес70-8090-105
25°C болғандағы созылуы, кемінде3,01,0
Жарқ ету температурасы, °C, төмен емес240240
Түпқоймадағы мөшек саны2424
Салмағы, кг/мөшек4040

«Жұмсақ жабын» битумды-резеңкелі (суық) мастикасы

Битумды-резеңкелі (суық) мастика жабынды жөндеу, құрылыс конструкцияларын гидрооқшаулау, орамды жабын материалдарын жапсыру үшін қолданылады. Қолдану алдында қыздыруды қажет етпейді. Металл герметикалық ыдысқа (шелек) қапталған түрде өткізіледі. Біртекті тұтқыр-сұйық масса болып табылады, ол органикалық тұтқырдан (мұнай құрылыс битумы), толтырғыштан (резеңке үгіндісі), еріткіштерден, пластификатордан тұрады. ТШ 5775-015-00287823-2010 бойынша шығарылады.

Шығарылатын маркалары: МБР-Х-65, МБР-Х-75, МБР-Х-90, МБР-Х-100

Битумды-резеңкелі (суық) мастиканы кепілдемелі сақтау мерзімі — дайындап шығарылған күннен бастап 12 ай.

Көрсеткіштің атауыМБР-Х-65МБР-Х-75МБР-Х-90МБР-Х-100
Шартты беріктігі, МПА (кгс/см²), кемінде0,2(2,0)0,2(2,0)0,2(2,0)0,2(2,0)
Ажыраған кезде қатысты түрде ұзаруы, %, кемінде100100100100
Негізбен ілінісу беріктігі, МПА (кгс/см²), кемінде0,1(1,0)0,1(1,0)0,1(1,0)0,1(1,0)
24 сағат ішінде су сіңіруі, салмағы бойынша %, көп емес2222
Температура, °С болғанда, 5,0±0,2 мм дөңгелектей отырып, брустағы икемділігі, аспайды-15-15-5-5
Жұмсару температурасы, °C, төмен емес657590100
Қысымы кемінде, 0,001 МПА (0,01 кгс/см²) болғанда, сынау кезіндегі су өткізгіштігі кемінде, 72 сағат бойыҮлгіде судың ену белгілері көрінбейді
Түпқоймадағы шелек саны36
Салмағы, кг/шелек18

Ыстық битумды жабын мастикасы

Мастика орам жабынын, сондай-ақ, шыныматериалдарымен арқауланған мастикалық жабындарын жайластыруға, жабындарды гидрооқшаулауға арналған. Мастика битумды тұтқырдан, толтырғыштан (талькмагнезиттен) және технологиялвқ қоспаларынан тұрады. Ыстық күйінде қолданылады.

МЕМСТ 2889-80 «Битумды жабын ыстық мастика. Техникалық шарттарына», белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық регламентке сәйкес шығарылады.

Мастика адгезиялауға қарсы қабаты бар қағаз мөшектеріне қапталады, таза салмағы 40 кг.

Шығарылатын маркалары: МБК-Г-55, МБК-Г-65, МБК-Г-75, МБК-Г-85, МБК-Г-100

Битумды жабын ыстық мастикаларын кепілдемелі сақтау мерзімі — жасап шығарылған күннен бастап 12 ай.

Көрсеткіштің атауыМБК-Г-55МБК-Г-65МБК-Г-75МБК-Г-85МБК-Г-100
5 сағат бойы жылуға төзімділігі, ºС, кемінде55657585100
Жұмсару температурасы, °C, төмен емес55-6068-7278-8288-92105-110
Диаметрі, мм өзегінде температурасы 18±2 ºС болғандағы иілгіштігі1015203040
Судың құрамдалуы25-3025-3025-3025-3025-39
Толтырғыштың құрамдалуы, масса бойынша %Іздер
Түпқоймадағы шелек саны24
Салмағы, кг/мөшек40

«Жұмсақ жабын» битум төсеме бояуы (праймер)

Төсеме бояу (праймер) жабын және гидрооқшаулау материалдарын төсеу алдында бетон негіздемесін, цементтік-құм тұтастырғышын, темір/бетон, кірпіш, бетон және өзге кеуектілердің беткейін, негіздеменің ерітілетін материалдармен ілінісуін күшейту үшін кедір-бұдыр және тозаңды беткейлерін дайындауға (бетін тегістеуге) арналады. Құрылыстық конструкцияларын уақытша гидрооқшаулау және тот басудан қорғау; құрылыс конструкцияларын, бетон блоктарын, топырақпен түйісетін бағандарын майлау үшін қолданылуы мүмкін.

Төсеме бояу (праймер) органикалық ерітінділерінде жұмсарту температурасы 70 °С-тан төмен болмайтын мұнай битумының ерітіндісі болып табылады.

ТШ 5775-016-00287823-2011 сәйкес шығарылады.

Пайдалануға дайын. Герметикалық ыдысқа (шелекке) қапталынады.

«Жұмсақ жабын» төсеме бояуының кепілдемелі сақтау мерзімі — жасап шығарылған күннен бастап 12 ай.

Көрсеткіштің атауыМәні
Ұшпа заттың массалық үлесі, %45-60
Кебу уақыты, сағ., аспайды12
Түпқоймадағы шелек саны36
Салмағы, кг/шелек17

ППС көбік полистиролды жылуды оқшаулайтын тақтайлары

Көбік полистиролды тақтайлары – кез-келген конструкцияны жылумен оқшаулау (ғимараттарды, вагондарды және тоңазытқыш-вагондарын, контейнерлерді, шатырларды, мансарданы, шатырдағы орынжайлары мен шатыр арқалығын, тұрмыстық және автофургондарды жылыту) үшін таптырмас шешім. Шірімейді және биологиялық әсер етуге ұшырмайды, ұзақ жыл бойы сенімді түрде қызмет етеді. МЕМСТ 15588-2014 жаңа халықаралық стандартының өз күшіне енуіне байланысты ПСБ-С тақтайлары ППС жылуды оқшаулайтын тақтайлары болып өзгертілді.

Жабынды жылыту

Пайдаланылатын маркалар: ППС-8-Р-А, ППС-20-Р-А, ППС-23-Р-А, ППС-25-Р-А, ППС-35-Р-А, ППС-35ЕТ-Р-А, ППС-15-Т-Б, ППС-25-Т-Б, ППС-35-Т-Б

Көбік полистиролды тақтайлары жабындардың жүктелінетін жылуын оқшаулауға арналады. ППС8-Р-А маркасы механикалық жүктеме түспейтін шатыр, мансарда, шатырдағы орынжайлары, шатыр арқалығы үшін қолданылады.

Көбік полистирол — экологиялық таза материал, оның салмағы шағын, құрастырылуы ыңғайлы, ылғалға төзімді.

Қабырғаларды жылыту

Қолданылатын маркалар: ППС-8-Р-А, ППС-10-Р-А, ППС-12-Р-А, ППС-13ЕТ-Р-А, ППС-13-Р-А, ППС-14ЕТ-Р-А, ППС-16Ф-Р-А

Жылуды оқшаулау тақтайлары үш қабатты қоршау конструкцияларының орта қабатында жүктелмеген жылуды оқшаулауға арналған. ППС16Ф-Р-А маркалы тақтайлары тік қоршау конструкцияларын сыртқы сылақ қабаттарымен қасбеттік жылуды оқшаулайтын композициялық жүйелері көмегімен жылыту үшін қолданылады.

ППС8-Р-А вагондарды, автофургондарды, контейнерлерді жылыту үшін қолданылады.

Іргетас пен еденді жылыту

Қолданылатын маркалар: ППС-20-Р-А, ППС-23-Р-А, ППС-25-Р-А, ППС-35-Р-А, ППС-35ЕТ-Р-А, ППС-15-Т-Б, ППС-25-Т-Б, ППС-35-Т-Б

Көбік полистирол тақтайлары қолданған кезде елеулі жүктеменің әсеріне ұшырайтын беткейлерді (еден, іргетас, ғимараттың нөл және жертөле қабаттары, гараж, автотұрақ, қауыз, тоңазыту камералары, жасанды катоктарды және т.б.) жылумен оқшаулауға арналады.

Көбік полистирол — экологиялық таза материал, ылғалға төзімді, кеміргіштерді жақындатпайды.

Қалыптандырылған тақтайлары

Бұл өлшемі 1000х1000 мм, қалыңдығы 50, 80, 100, 120 мм сапасы жоғары бұйым, ол өте жақсы жылылықты өткізбейтін және суды сіңіретін қасиеттерге ие болып келеді. Кесу мүмкіндігін ыңғайлы ету үшін тақтайдың бір жағына ұяшықтың ені 50 мм өлшем торы салынған. Тақтайды монтаждау қарапайы, ал тақтайдың контуры бойынша сатылы профильдің болуы қолданған кезде суық көпірлерінің пайда болуын жоққа шығарады. МЕМСТ 15588-2014 бойынша шығарылады.

ППС25-Т-Б және ППС35-Т-Б маркалы тақтайлары қоңыр-сарғыш түсте жасап шығарылады және өзінің сапалы көрсеткіштері бойынша ол экструзионды көбік полистиролынан кем түспейді.

Көбік полистиролынан жасалған алынбайтын қалып

Полистиролдан жасалған алынбайтын қалып – бұл құрылыс саласына жаңа мүмкіндіктер беретін заманауи технология. Ұсақ дана жылу өткізбейтін элементтерден жасалған көбік полистирол қалыбы – қабырғаны тұрғызудың жаңа энергияны үнемдейтін технологиялардың үлгісі. Осындай технологияны пайдалана отырып, 16 қабатқа дейін ғимараттарды тұрғызуға болады. Осы технология монолитті бетон қабырғаларын және бір уақытта, құрылыс алаңында оңай құрастырылатын қосарланған жылу- және дыбыс өткізбейтін блок-модульдерін тұрғызуға мүмкіндік берді. Мұндай қалып Канадада, АҚШ-тың солтүстігінде және Еуропада айтарлықтай кең қолданысқа ие болды. Қазіргі уақытта жаңа құрылыс технологиясы Ресейдегі тұрғын үйлердің құрылысы үшін де пайдалана бастады. Полистиролдан жасалған алынбайтын қалыпты пайдалану технологиясы жеке құрылыста да қолданылуы мүмкін: оны пайдалану қаражатты айтарлықтай үнемдейді, соның арқасында әркім өз қолымен дерлік қымбат емес (арзан) үй соға алады. ТШ 2244-006-48124154-2008 стандартына сәйкес келеді.

Оң жақ қабырғалы бұрыш блогы

  • Сыртқы биіктігі — 400 мм
  • Сыртқы ұзындығы — 670(370) мм
  • Сыртқы ені — 280 мм
  • Жылуды оқшаулау қалыңдығы — 65 мм
  • Бөгет жасау материалы — пластик

Сол жақ қабырғалы бұрыш блогы

  • Сыртқы биіктігі — 400 мм
  • Сыртқы ұзындығы — 670(370) мм
  • Сыртқы ені — 280 мм
  • Жылуды оқшаулау қалыңдығы — 65 мм
  • Бөгет жасау материалы — пластик

Негізгі қабырға блогы

  • Сыртқы биіктігі — 400 мм
  • Сыртқы ұзындығы — 1200 мм
  • Сыртқы ені — 280 мм
  • Жылуды оқшаулау қалыңдығы — 65 мм
  • Бөгет жасау материалы — пластик

Оң жақ қабырғалы бұрыш блогы (эконом)

  • Сыртқы биіктігі — 250 мм
  • Сыртқы ұзындығы — 693(418) мм
  • Сыртқы ені — 250 мм
  • Жылуды оқшаулау қалыңдығы — 50 мм
  • Бөгет жасау материалы — көбік полистирол

Сол жақ қабырғалы бұрыш блогы (эконом)

  • Сыртқы биіктігі — 250 мм
  • Сыртқы ұзындығы — 693(418) мм
  • Сыртқы ені — 250 мм
  • Жылуды оқшаулау қалыңдығы — 50 мм
  • Бөгет жасау материалы — көбік полистирол

Негізгі қабырға блогы (эконом)

  • Сыртқы биіктігі — 250 мм
  • Сыртқы ұзындығы — 1100 мм
  • Сыртқы ені — 250 мм
  • Жылуды оқшаулау қалыңдығы — 50 мм
  • Бөгет жасау материалы — көбік полистирол

Түйіршіктелген көбіктелген полистирол

Көбіктенген түйіршік полистиролы ТШ 2214-004-48124154-2005 сәйкес шығарылады. Көбіктенген полистирол — бұл сфера нысанындағы ақ түйіршіктері, оның ішінде ауамен толтырылған көптеген тұйық ұяшықтары бар.

Көбіктенген түйіршіктері әртүрлі байланыстырушыларды (жылу өткізбейтін сылақ, полистиролбетон) пайдалана отырып, жылу өткізбейтін материалдар өндірісінде жеңіл толтырғыш ретінде жылу өткізбейтін сеппелерінде қолданылады. Түйіршіктерді жұмсақ жиһаз өндірісінде толтырғыш ретінде пайдалануға болады. Мөлшері 1м³-ден 3м³-ке дейінгі полиэтилен жеңіне қапталған түрінде өткізіледі.

Көбік полистиролдан жасалған термоконтейнерлері

Тез бұзылатын және тоңазытылған өнімдерді сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік беретін әмбебап ыдыс. Көбік полистиролынан жасалған термоконтейнерлері – бұл мамандандырылған рефрижераторлардың оңтайлы баламасы, себебі оны басқа жүктермен бірге қарапайым көлік құралдарымен тасымалдауға болады. Қажет болса, термоконтейнерлер суық аккумуляторымен жабдықталуы мүмкін.

Т-ПС-ПЩ-9 термоконтейнері

  • Мөлшері — 9 л
  • Өлшемі — 314х180х315 мм
  • Максималды жүктеу салмағы — 8 кг
  • Жалпы салмағы — 250 гр
  • Тығыздығы — 19 кг/м³
  • Қабырғасының қалыңдығы — 15 мм
  • Қысуға беріктігі — 0,18 МПа
  • Жылу өткізгіштігі — 0,038 Вт/(м*К)
  • Температураға төзімділігі — -20˚С-тан +30˚С-қа дейін
  • Жинағында реттелетін иық белдіктері бар

Т-ПС-ПЩ-12 термоконтейнері

  • Мөлшері — 12 л
  • Өлшемі — 365х180х315 мм
  • Максималды жүктеу салмағы — 12 кг
  • Жалпы салмағы — 365 гр
  • Тығыздығы — 19 кг/м³
  • Қабырғасының қалыңдығы — 15 мм
  • Қысуға беріктігі — 0,18 МПа
  • Жылу өткізгіштігі — 0,038 Вт/(м*К)
  • Температураға төзімділігі — -20˚С-тан +30˚С-қа дейін
  • Жинағында реттелетін иық белдіктері бар

Т-ПС-ПЩ-24 термоконтейнері

  • Мөлшері — 24 л
  • Өлшемі — 472х275х322 мм
  • Максималды жүктеу салмағы — 20 кг
  • Жалпы салмағы — 515 гр
  • Тығыздығы — 19 кг/м³
  • Қабырғасының қалыңдығы — 17,5 мм
  • Қысуға беріктігі — 0,18 МПа
  • Жылу өткізгіштігі — 0,038 Вт/(м*К)
  • Температураға төзімділігі — -20˚С-тан +30˚С-қа дейін
  • Жинағында реттелетін иық белдіктері бар

Т-ПС-ПЩ-40 термоконтейнері

  • Мөлшері — 40 л
  • Өлшемі — 520х420х330 мм
  • Максималды жүктеу салмағы — 35 кг
  • Жалпы салмағы — 550 гр
  • Тығыздығы — 19 кг/м³
  • Қабырғасының қалыңдығы — 20 мм
  • Қысуға беріктігі — 0,18 МПа
  • Жылу өткізгіштігі — 0,038 Вт/(м*К)
  • Температураға төзімділігі — -20˚С-тан +30˚С-қа дейін
  • Жинағында реттелетін иық белдіктері бар

Т-ПС-ПЩ-80 термоконтейнері

  • Мөлшері — 80 л
  • Өлшемі — 760х420х405 мм
  • Максималды жүктеу салмағы — 65 кг
  • Жалпы салмағы — 1150 гр
  • Тығыздығы — 19 кг/м³
  • Қабырғасының қалыңдығы — 35 мм
  • Қысуға беріктігі — 0,18 МПа
  • Жылу өткізгіштігі — 0,038 Вт/(м*К)
  • Температураға төзімділігі — -20˚С-тан +30˚С-қа дейін
  • Жинағында реттелетін иық белдіктері бар

Бетон блоктарының астары

Көбік полистиролдан жасалған бетон блоктарының астары жылу блоктары құрылымының бір бөлігі, ол беткі және салмақ түсетін бетон қабатынан және олардың арасындағы пенопласт қабатынан тұратын үш қабатты тас болып табылады. Қалау қалыңдығы ұсталған жағдайда астары тамаша жылу оқшаулауды қамтамасыз етеді.

Тағайындалуы

Қабырғалы жылуды оқшаулау блоктары жылулық кедергінің жоғары талаптары қойылатын және сыртқы құрылыстың шағын қалыңдығын сақтай отырып, жылуды қабырғамен аккумуляциялайтын, ол ішкі кеңістікті барынша пайдалануды қамтамасыз етеді, құрылыстары үшін қалыңдығы 300 мм бір қабатты салмақ түсетін құрылыстарына арналған.

Пайдаланылуы

Жылуды оқшаулайтын блоктардан жасалған құрылысты биіктігі бойынша ең жоғары дегенде, 4-5 қабатпен шектеле отырып, коттеджді, вилланы, көп пәтерлі үйлердің құрылысында және өнеркәсіптік құрылысында (өндірістік цехтары, кәсіпорындар, жылытылған қоймалар мен гараждар, автосервистері, жанармай бекеттері, дүкендер), азаматтық объектілердің құрылысында (мектеп, спорт залдары, қонақүйлері, су қоймалары, тазартқыш ғимарат стансалары және т.б.) үшін пайдалануға болады.

Жабын картоны ТШ 5444-019-00287823-2012

Жабын картоны ТШ 5444-019-00287823-2012 «Жабын картоны. Техникалық шарттары» талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық регламент бойынша картон және қағаз макулатурасынан жасалынады.

Жабын картоны битумды және битумды-полимерлі жабын және гидрооқшаулау материалдарын дайындау үшін негіз ретінде қолданылады.

Бумада шығарылады:

  • бумадағы төсеменің ені — 1000 ± 3 мм; 1050 ± 3 мм
  • буманың салмағы кемінде, 300 кг
  • буманың оралуы біркелкі және тығыз
  • буманың бүйіржақтарындағы шығудың рұқсат етілген биіктігі 3 мм-ден аспайды
  • бумада көлденең бір үзілуге рұқсат беріледі

Жабын картонының келесі маркалары шығарылады:
200, 250, 300, 350, 400.

Көрсеткіштің атауы200250300350400
Көлемі 1 м² картон салмағы, г200 ± 15250 ± 15300 ± 15350 ± 20400 ± 20
Сіңіргіштігі, кемінде, %100100959590
Созған кезде үзілу күші, кемінде, кгс2527303035
Ылғалдылығы, аспайды, %8,08,08,08,08,0

Қорапты картон МЕМСТ 7933-89

Қорапты картон МЕМСТ 7933-89 «Тұтынушылық ыдысына арналған картон. Жалпы техникалық шарттары» талаптарына сәйкес және нақты өнім түрінің нормативтік-техникалық құжаттамасы бойынша картон және қағаз макулатурасынан жасалынады.

Қорапты картоны мөрсіз тұтынушылық және топтық ыдысты дайындауға арналған. Төсеме материалы және картонның өзге түріне арналған негіз ретінде өнеркәсіптік бұйымдарын, жиһазды қаптау ретінде, картонды-бөлу торларын өндіру үшін, темір жол контейнерлері мен вагондарда жылытқыш ретінде қолданылады.

Бума түрінде (1000 ± 3 мм; 1050 ± 3 мм) және табақпен (1050*800 мм; 1050*1200 мм; 1050*1600 мм) шығарылады

Қорапты картонның келесі маркалары жасап шығарылады:
200, 250, 300, 350, 400.

Көрсеткіштің атауыМЕМСТ 7933-89200250300350400
Көлемі 1 м² картон масасы, г200-400200 ± 15250 ± 15300 ± 15350 ± 20400 ± 20
Қалыңдығы, мм0,30-0,800,32±0,020,42±0,020,50±0,030,60±0,040,740±0,04
Статикалық көлденең бүгілген кездегі қаттылығы, Н*см0,20-2,500,40-0,500,60-0,700,80-0,901,10-1,201,30-1,40
Ылғалдылығы, %5-128,08,010,010,010,0

Е-120 және Ж-150 маркілі орама қағазы МЕМСТ 8273-75

Орама қағазы МЕМСТ 8273-75 «Орама қағаз. Техникалық шарттары» талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте бекітілген техникалық регламент бойынша макулатурадан жасалынады. Орама қағазы өнеркәсіптік бұйымдарын қаптауға арналған.

Орама қағазы бумада шығарылады:

  • бумадағы төсеменің ені — 1000 ± 5 мм
  • буманың салмағы кемінде, 300 кг және 500 кг-нан аспайды
  • бума ішкі диаметрі 75 мм төлкесіне оралады
  • бума екі жағынан стреппинг-лентасымен қапталынады
  • буманың оралуы біркелкі және тығыз
  • буманың бүйіржақтарындағы шығудың рұқсат етілген биіктігі 3 мм-ден аспайды
  • бумада көлденең екі үзілуге рұқсат беріледі
  • топтамада құрамдас буманың 5 %-на рұқсат беріледі
  • тұтынушымен келістіре отырып, ені мен салмағы өзгеше бумаларды шығаруға рұқсат беріледі
Көрсеткіштің атауыЕ-120Ж-150
Көлемі 1 м² қағаз салмағы, г120 +4 -5150 +4 -5
Созған кезде үзілу күші, кемінде, кгс1724
Ылғалдылығы, %6±26±2

Жапсырылған жалпақ ыдыс картоны КС-2 МЕМСТ 9421-80

Жапсырылған жалпақ ыдыс картонын картонның бірнеше қабатын жапсыру арқылы алады.

Тегіс металл беткейлері арасында герметикалықты қамтамасыз ететін төсемелерді дайындауға арналған материал ретінде; кітаптарға арналған мұқаба ретінде; түпқойма арасындағы төсеме материалы ретінде; тоқыма өнеркәсібінде (үлгі құрылғыны жасауға арналған материал, бас киім, сөмкелерге арналған қаңқалар); аяқ-киім өнеркәсібінде (аяқ-киімге профиль беру үшін өкше мен аяқ ұшына арналған ендірме); картонды-бөлу торларының өндірісінде; темір жол вагондарында жылытқыш ретінде; гипсокардонға арналған негіздеме ретінде қолданылады.

Жалпақ ыдыс картоны табақ түрінде шығарылады:

  • ені 500 - 1250 мм, ұзындығы 500 - 2000 мм
  • түпқойма мен киптің қосынды биіктігі 1150 мм-ден аспайды
  • тұтынушымен келісім бойынша табақ картонының өзге пішіні, қалыңдығы, салмағы шығарылады
Көрсеткіштің атауы
Көлемі 1 м² картон салмағы, г1000±1001250±100
Қалыңдығы, мм, кемінде1,41,8
Қыспаққа қарсыласуы, Мпа, кемінде0,75
Қатпарлануға қарсыласуы, Н, кемінде48
Ылғалдылығы, %12(+2;-4)

Көрмелерге қатысу, жетістіктер мен марапаттар

Біз өңіраралық және халықаралық құрылыс көрмелеріне жыл сайын қатысып тұрамыз. Біздің материалдарымыз сапа үшін көптеген дипломдармен және сыйлықтармен, ал зауытымыз —жоғары тиімділік пен бәсекеге қабілеттілік жетістіктері үшін белгіленген. Төменде біздің ерекше маңызды сыйлықтарымыздың бір бөлігін ғана ұсынып отырмыз.

Жоғары тиімділік пен бәсеке қабілеттілікке жеткені үшін І дәрежедегі диплом

«2016 ж. Ресейдің үздік 100 тауары» байқауында жеңгені үшін құрмет грамотасы

«Приволжьенің үздік тауарлары мен қызметтер - ГЕММА» Халықаралық байқауының иегері

Жоғары тиімділік пен бәсеке қабілеттілікке жеткені үшін ІІІ дәрежедегі диплом

«Табыстылық желісі» аймақтық форумында «Мягкая кровля» зауытының марапаты — еңбегі үшін кубогі

2012-ші жылы құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі және құрылыс индустриясындағы үздік кәсіпорын атағы үшін жүргізілген XVII Жалпы ресейлік байқауы жеңімпазының дипломы

Жоғары тиімділік пен бәсеке қабілеттілікке жеткені үшін І дәрежедегі диплом

«2016 ж. Ресейдің үздік 100 тауары» байқауында жеңгені үшін құрмет грамотасы

«Приволжьенің үздік тауарлары мен қызметтер - ГЕММА» Халықаралық байқауының иегері

Жоғары тиімділік пен бәсеке қабілеттілікке жеткені үшін ІІІ дәрежедегі диплом

«Табыстылық желісі» аймақтық форумында «Мягкая кровля» зауытының марапаты — еңбегі үшін кубогі

2012-ші жылы құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі және құрылыс индустриясындағы үздік кәсіпорын атағы үшін жүргізілген XVII Жалпы ресейлік байқауы жеңімпазының дипломы

Байланыс мәліметтері


Мекенжайымыз: 443017, Ресей Федерациясы, Самара қ., Белгородская көш., 1-үй

Телефон: +7 (846) 21-21-338, +7 (846) 21-21-335

E-mail: krovlya@mkrovlya.ru